Отбасы күніне орай, «Бурабай даму» ЖШС Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледждің әскери қызметшілерінің отбасыларына мәдени демалыс ұйымдастыруда көмек көрсетті.
Қонақтар үшін серіктестіктің нысандары бойынша экскурсия ұйымдастырылды: зообақ, табиғат мұражайы және марал шаруашылығы. Отбасылар табиғаттан ләззат алып, бір-бірімен әңгімелесіп, жылы атмосферада уақыт өткізді.
Жақан адамдармен уақыт өткізу — бұл баға жетпес нәрсе. Осындай сәттерде нағыз отбасылық дәстүрлер қалыптасып, туған өлкеге деген сүйіспеншілік беріледі. Біз отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды мақтанышпен қолдаймыз және біздің өңіріміздің тек табиғат сұлулығымен ғана емес, сонымен қатар тарихымен де бай екенін көрсетуге ұмтыламыз.
Экскурсиялар арқылы, мәдени және табиғи мұра нысандарымен біз балалар мен ересектерге өткен мен бүгіннің қиылысып жатқан бай әлемін ашамыз, оларды Отанға деген сүйіспеншілікке және оның мұрасына құрметпен қарауға шабыттандырамыз.
Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әрбір үйге жылулық, жайлылық және бақыт тілейміз!