2025 жылдың 21 маусымында Бурабай курортында жазғы маусымның ашылуына арналған ауқымды Burabay Summer Fest 2025 фестивалі өтті.

22 маусым
00:00

Қонақтарды қызықты да мазмұнды күн күтіп тұрды: «Айнаколь» қонақ үйінен Визит-орталыққа дейінгі 3,5 шақырымдық спорттық жүгіру, әсерлі от шоуы, тақырыптық фотозоналар, байқаулар мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Мерекенің ерекше сәті — Дастан Оразбековтың жанды дауыстағы өнер көрсетуі болды. Концерт соңында құнды сыйлықтар ойнатылды.

Фестивальға 3 000-нан астам адам жиналып, ол Бурабайдағы жаздың жарқын бастамасына айналды.