Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында Бурабай курорт аймағында көгалдандыру акциясы өтті. «Бурабай емдік-ас суы», «Туран табиғи ауыз суы» брендтерінің және «Хаома» бренді өндірушісі — «Көкшетау Минералды Сулары» компаниясы мен «Бурабай Даму» ЖШС-нің белсенді қолдауымен 50 қайың мен қарағай ағашы отырғызылды.
Бұл акция экология мәселелеріне назар аударту және өңірдің табиғи тепе-теңдігін сақтау мақсатында ұйымдастырылды.
Курорттық аймақты дамытуға жауапты негізгі ұйым ретінде «Бурабай Даму» ЖШС жергілікті деңгейде серіктес қана емес, ұйымдастырушы ретінде де қатысып, қатысушыларды үйлестіруді, аумақты таңдауды және кейінгі күтім жұмыстарын қамтамасыз етті.
«Біз өз миссиямызды тек туристік инфрақұрылымды дамыту деп қана емес, сонымен қатар табиғатқа жауапкершілікпен қарау деп санаймыз. Мұндай бастамалар — курорттың болашағына қосылған үлес», — деді «Бурабай Даму» ЖШС-нің бас директоры Бауыржан Бірбаев.
«Біздің брендтеріміз Бурабайдың таза бастауларынан пайда болады, — деп атап өтті «Көкшетау Минералды Сулары» зауытының директоры Кенжешов Досымжан. — Ағаш отырғызу арқылы біз экожүйені сақтауға атсалысамыз. Әрбір суымыздың жұтымы табиғатты қорғау — болашақ ұрпақтың денсаулығына жасалған инвестиция екенін еске салса дейміз».
Акцияға қатысушылар осындай шаралар игі дәстүрге айналып, басқа компаниялар мен өңір тұрғындарын да табиғатты қорғауға белсенді қатысуға шабыттандырады деген үміт білдірді.