ҚР Президентінің Іс Басқармасына қарасты «Бурабай Даму» ЖШС, «Kazakh Tourism» ҰК және «Жолаушылар тасымалы» АҚ бірлесіп қолға алған жоба қысқы демалысқа балаларымен баратын отбасыларға ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлауға арналған.
Вагондардың интерьерін қазақстандық қолөнершілер безендірді. Сәндік паннолар мен киізден жасалған көпшіктерден жаңа жыл мерекесінің лебі сезіледі. Әсем әуен ойнаған вагондарға пошта жәшіктері қойылған. Ұйымдастырушылар барлық хаттар Аяз атаның BurabayLand ойын-сауық саябағындағы жаңа жылдық резиденциясына жеткізіледі деп уәде беріп отыр.
Жаңа жылдық экспресс күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, 09:57-де Бурабай курорты станциясына жетеді. Кері қайтатын рейске туристік пойыз сол күні сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.